Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Италияда көркем гимнастикадан Әлем кубогінің кезеңі өз мәресіне жетті. Olympic.kz қазақстандық спортшылардың нәтижелерін ұсынады.
Елжана Тәниева шығыршықпен орындалатын жаттығулар финалында 8, таспамен өнер көрсетуде 5-орын иеленді.
Сондай-ақ, ел тарихында тұңғыш рет топтық жаттығулар бойынша командамыз әлем кубогының финалында өнер көрсетті.
Қыздарымыз шығыршықпен 6-орынға ие болса, доп+таспа жаттығуларында 8-орынға тұрақтады.
Қазақстандық гимнастшылардың келесі жарысы Азия чемпионаты болмақ.