Азаматтарымыз заңды түрде жұмысқа тұруы үшін Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында еңбек шартын жасасу керек пе? Осы сұраққа қатысты Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өздеріңіз білетіндей, екі отандасымыз осыдан біраз уақыт бұрын Оңтүстік Кореяға барып, екі елді шулатқан болатын.
Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында Өзбекстан мен Оңтүстік Корея азаматтары арасындағыдай еңбек визасын жасауды қолға алмай ма? Осы мәселеге қатысты Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров ойын айтты.
Бұл мәселені осыдан 3 жыл бұрын Кәсіподақта істеп жүргенімде көтерген болатынбыз. Қазақстанның Оңтүстік Кореяға барып, жұмыс істеп жүрген азаматтарының құықтарының қорғалмай жатқан себебі - екі мемлекеттің арасында тиісті келісімшарттың жоқтығында. Менің ойымша, Үкімет осы мәселемен нақты айналысуы керек. Өйткені ол жақта (Оңтүстік Кореяда – ред.) өзіміздің азаматтарымыз жұмыс істеп, тұрып жатыр, - деп айтты Сайыров.
Депутат бұл мәселені ашып, Үкіметтердің арасында келісімшарттар жасалуы керегін жеткізді.