Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Кореяда әрбір адам қоқысты сұрыптайды

Жансая ҚАМБАР
3 Шілде 2025, 13:07
794
Бөлісу:
 автордан
VIDEO
Фото: автордан

Бұл туралы IX Еуразиялық жаңартылатын энергия және қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі бизнес форумда “DAEWON GSI” компаниясының ТМД елдері бойынша өңірлік директоры Джанг У Сук айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Джанг У Сук Оңтүстік Кореяда қоқысты сұрыптау мен өңдеу бойынша жағдай Қазақстаннан ерекшеленетінін жеткізді.

Оңтүстік Кореяда жағдай басқаша. Әрбір пәтер, әрбір жеке үй жанында шыныны, металды, пластикті және тамақ қалдықтарын жеке-жеке сұрыптап, тапсыратын жер бар. Шыны, пластик, металды өңдеуге тегін алып кетеді. Ал тамақ қалдықтарын қайта өңдеуге беру үшін тұрғындар талон не карта сатып алып, тамақ қалдықтарын өлшеп тапсырады. Оларды қайта өңдеуге тапсыру үшін әрбір кәрістен төлем алынады. Бұл өте маңызды, - деді Джанг У Сук. 

Ол Кореяда қоқысты сұрыптау мен өңдеу заңмен жолға қойылғанын айтты. Яғни кәрістер заң бойынша қоқысты қайта өңдеуге тапсырмай, тікелей қоқыс жәшігіне лақтыра алмайды.

Өзгелердің жаңалығы