Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Ин мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді.
"Сапар аясында оның Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен екіжақты кездесулері, сондай-ақ Қазақстан-Корей бизнес-форумына қатысуы жоспарланған", - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұған дейін 21-23 сәуірде Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Ин Орта Азия елдеріне сапары аясында Қазақстанға келетінін хабарлаған болатынбыз.