Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-Сок мырзаның Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуымен құттықтады.
Қазақстанда тұратын Корея Республикасының құрметті азаматтары және жергілікті корей диаспорасының қадірменді өкілдері! Құрметті Қазақстан азаматтары! Корея мен Қазақстанды жақсы көретін құрметті достар, сондай-ақ құрметті әріптестер! Сіздерді Корея Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! – деп бастады өз сөзін дипломат.
Ку Хонг-Сок мырзаның сөзінше, Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық серіктестік 1992 жылы орнаған.
Корея Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін 1992 жылдың қаңтарында дипломатиялық қатынастар орнатқан алғашқы елдердің бірі болды. Содан бері Корея мен Қазақстан әрқашан жақын дос және сенімді серіктес болып келді. Сондай-ақ екі елдің көшбасшылары арасында тығыз алмасулар жалғасып, түрлі жетістіктерге қол жетті. Қазақстан - Корея Үкіметі іске асырып жатқан экономикалық ынтымақтастық бастамасы – «Жаңа солтүстік саясатында» негізгі серіктесі, - дейді елші.