Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің ғимаратында KOICA бағдарламасы бойынша Корей жоғары оқу орындарының қазақстандық түлектері қауымдастығының атынан COVID-19-бен күресу үшін өтеусіз көмек беру рәсімі өтті.
Аталған қайырылымдылық шарасы осымен екінші рет өтіп отыр.
Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг Сок және KOICA бағдарламасы бойынша Корей жоғары оқу орындарының қазақстандық түлектері қауымдастығының президенті Гүлдана Садықова Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, эпидемиолог-дәрігерлер еріктілер тобының жетекшісі Ирина Смирноваға 1 250 000 теңге сомасына респираторлар, антисептиктер тапсырды.
Аталған қорғау құралдары Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі медициналық мекемелерде жұмыс істейтін дәрігер-эпидемиологтардың еріктілер тобына берілетін болады.
Корея Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасына COVID-19-бен күресу және пандемиядан айығу үшін 800 000 АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдаған болатын. Қазан айында 425 мың АҚШ доллары тұратын гуманитарлық көмектің бірінші партиясы ПТР тесті түрінде Қазақстанға берілді. Ал қалған бөлігі жақында елге келеді. Одан бөлек, Корея Республикасының Елшілігі тарапынан да осы жылдың екінші жартысынан бастап мерзімді түрде қайырымдылық іс-шараларын өткізіп жүр. Айта кетсем, қарттар үйлері, балалар үйлері, білім беру мекемелері және халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтары үшін қайырымдылық көмек көрсетіп келеді. Алдағы уақытта да осындай шаралар өткізіп тұру жоспарда бар. Бүгінгі қайырымдылық шарасында тапсырылатын көмек алдыңғы шепте жүрген инфекционист-дәрігерлерге берілетіні мені қуантады, - деп атап өтті елші Ку Хонг Сок өз сөзінде.
Елші сондай-ақ, пандемия ұзаққа созылған кезеңде Корея Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының стратегиялық серіктесі ретінде Қазақстандағы пандемиямен күреске үздіксіз қатысып, оны жеңуге жәрдемдесетінін айтты.
Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Владимировна Смирнова KOICA бағдарламасы бойынша Корей жоғары оқу орындарының қазақстандық түлектері қауымдастығына және Корея Республикасының Елшілігіне инфекционист-дәрігерлерге тегін көмек көрсеткені үшін алғыс білдірді.
Бүгін өте айтулы оқиға орын алып отыр. Себебі Қазақстан Корея елінен эпидемиолог дәрігерлер үшін көмек алып отыр. Бүгінгі акция Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы жақын қарым-қатынас пен қолдаудың дәлелі екенін көрсетеді. Корей халқын өте жақсы білеміз. Оларды шыншылдығы, еңбекқорлығы үшін жақсы көреміз. Екі елдің достығы халыққа пайдасын тигізеді деп есептеймін, - деп атап өтті ол.
KOICA бағдарламасы бойынша Корей жоғары оқу орындарының қазақстандық түлектері қауымдастығының президенті Гүлдана Садықова өз сөзінде Корей Үкіметіне Түлектер қауымдастығының бастамаларын тұрақты қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.
15 жыл ішінде Қауымдастық мүшелері түрлі қайырымдылық акциялары мен жобаларын өткізіп келеді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасы елшілігінің қолдауымен Ку Хонг Сок мырза атынан түлектер қауымдастығы короновирусқа қарсы күресте тағы да көмек көрсетуге және Ирина Смирнова ханымның жетекшілігімен эпидемиологтардың еріктілер тобына инфекцияның таралу эпицентрінде дала жұмыстарын жүргізу үшін 1 миллион 250 мың теңге сомаға респираторлық маскалар мен антисептиктер беруге мүмкіндік алды, - деді ол.