Корей тағамдарын дайындауды қайдан үйренуге болады?

12 Қыркүйек 2020, 09:52
3324
Бөлісу:
Корей тағамдарын дайындауды қайдан үйренуге болады?
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандағы Корея Республикасының елшілігінің жанындағы Корей мәдени орталығы онлайн аспаздық курс арқылы корейдің түрлі тағамдарын әзірлеуді үйретеді.

Коронавирустың пайда болуымен адамдардың өмір салты айтарлықтай өзгерді. Осы ретте Қазақстандағы Корея Республикасының елшілігінің жанынан құрылған Корей мәдени орталығы COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында әлеуметтік дистанцияны сақтай отырып, әр түрлі онлайн бағдарламалар мен іс-шаралар ұйымдастырып келеді. 

f0e049cf-6547-465c-aaab-3ce636acfea8.jpg

Соның ішінде корей тілі сабақтары, мәдени курстар, көрмелер. Олар арқылы кез келген адам, уақытына және орналасқан жеріне қарамастан, Кореямен және корей мәдениетімен таныса алады. 

Орталық ұйымдастырған әр түрлі іс-шаралардың ішінде көпшіліктің көңілінен шыққан корей асханасының онлайн аспаздық курсы бар. Орталық өткізетін онлайн сабақтар арқылы кез келген адам корей тағамдарын үйде өздігінен дайындап, дәм татуға мүмкіндік алады, - деді Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан.

 Орталықта онлайн режимінде аспаздық сабақтар маусым айында өткізіле бастады. 

c1843e5a-1d4b-4359-94a4-c68eeb1c6353.jpg

Қызығушылық артқандықтан орталық биылғы жылдың күзгі семестрінде қыркүйектен желтоқсанға дейін онлайн аспаздық курсын өткізуді жоспарлап отыр. Корей асханасының кәсіби аспазшысының қатысуымен кез келген адамға түрлі корей тағамдарын дайындауды оңай және жылдам үйрететін арнайы бағдарлама жасалды, - деді орталық директоры.

 Күзгі семестрге арналған корей тағамдарының онлайн курсы ай сайынғы тақырыптарға сәйкес жоспарланған. 

Бұл курс бір уақытта корей тағамдарының алуан түрлілігін және дайындау тәсілдерін ұсынады. Аспаздық сабақтары әр сенбі сайын аптасына бір рет өткізіледі. Мәдениет орталығының сайтында тамақ дайындауға қажетті ингредиенттер алдын ала көрсетіледі. Сондықтан оларды сатып алып, онлайн сабақ кезінде тағамды бірге дайындауға мүмкіндік бар, - деді орталықтағылар. 

22947662-8d0f-4f01-943b-c4c7cd9d8c2a.jpg

5 қыркүйекте күзгі семестрдің аспаздық курсының алғашқы сабағы өтті. 

 -          қыркүйекте «Корей десерттері» деген тақырыпта «Саль канчжон» корей тәттісі дайындалды. Саль канчжон - қуыру және кептіру арқылы дайындалған корейлік дәстүрлі десерт. Сонымен қатар «Кесончжуак», «Мечакква» және «Ходу канчжон» сияқты тәттілер дайындалады.

-          қазан айында Котчи», «Сокогиюкчон», «Сонпён»,  «Самсекнамуль» және «Донгрантэн» сияқты Чхусок мерекесі тағамдарының аспаздық сабақтары өтеді. 

-          қараша айында «Пибимпаб», «Чикин», «Котчорикимчи» және «Так калькуксу» сияқты «шетелдіктер жақсы көретін корей тағамдары» тақырыбында дайындалады.

-          желтоқсанда жылдың соңғы айындағы мерекелерге орай «Мемильчжонбён» және «Корольдік токпокки» сияқтыкорей тағамдары әзірленеді. 

Кез-келген адам аспаздық сабақтарға корей мәдени орталығының әлеуметтік желілеріндегі тікелей эфирден тегін қатыса алады.

Өзгелердің жаңалығы