Қордайдағы вакцина шығаратын зауыт жыл соңында іске қосылады

2 Желтоқсан 2020, 13:16
1899
Бөлісу:
Қордайдағы вакцина шығаратын зауыт жыл соңында іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деді.

Індетке байланысты өңірде жаңа өндірістік сала дамып келеді. Ол - фармация саласы. Былтырмен салыстырғанда аймақтағы дәрі-дәрмек шығару көлемі 10 есеге өскен. «Super-Pharm» зауытында бүгінде 330-ға жуық жұмысшы жұмыс істейді, 300-ге жуық түрлі медициналық құрал шығарылады. Сондай-ақ, экспресс-тест шығаратын зауыт бар, оған жеке кәсіпкер 2 млрд-тан астам қаражат жұмсады. Ол желтоқан айында қолданысқа берілетін болады. Сонымен қатар, Қордай ауданында вакцина шығаратын зауыт салынып жатыр. Онда биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі институт коронавирусқа, бруцеллезге, туберкулезге, дерматитке, құс тұмауына байланысты вакциналар шығаратын болады. Зауыт жыл соңында іске қосылады деп жоспарлануда, - деді. 

Әкім зауыт қызметкерлерін қолдау үшін тұрғын үй салынып жатқанын айтты.

Бірінші 90 пәтерлік тұрғын үй келер жылы қолданысқа беріледі. Ал қалған екі үйдің құрылысы келесі жылы басталады. Осылайша, зауыттың балық қызметкерін баспанамен қамтимыз. Сонымен қатар, қызметкерлердің жалақысын көтеру жөнінде де мәселе қаралып жатыр, - деді өңір басшысы.

Айта кетейік, Бердібек Сапарбаев бұған дейін жалпы өңір бойынша 1 трлн теңгеден астам соманың жобалары жүзеге асырылып жатқанын айтқан еді.



Өзгелердің жаңалығы