Көппәтерлі үйді басқаруға қатысты өзгерістер болады

Бөлісу:
Көппәтерлі үйді басқаруға қатысты өзгерістер болады
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мәжілісте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалау бойынша жаңа заң жобалары қаралып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Парламент депутаттары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында жаңа заң жобаларын ұсынды.

Өкінішке қарай, Үкімет 2019 жылдан бері жүргізіп келе жатқан тұрғын үй қорын басқару жүйесін реформалауда көздеген мақсатына толық жете алмады. Мұның объективті және субъективті себептері бар. Мемлекет басшысы 2023 жылғы сәуірде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында реформаға шынайы баға беру қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты, жіберілген қателіктерді ескере отырып, депутаттық корпусқа кондоминиумдарды басқарудың құқықтық негізін қайта қарау тапсырылды, - деді депутат Екатерина Смышляева.

Жаңа заң жобасының негізгі бағыттары:

1. Пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету.
• ПИК-тер институт ретінде жойылмағандықтан, олардың қызметіне қойылатын талаптар күшейтіледі.
2. Кондоминиумды басқарудың құқықтық ортасын кеңейту.
• Тұрғындардың басқару нысанын таңдауда еркіндігі қамтамасыз етіледі.

Заң жобасындағы негізгі өзгерістер:

Кондоминиумды басқарудың екі түрі енгізіледі:
• Мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ)
• Тікелей бірлескен басқару

Басқару субъектілерінің үш түрі белгіленеді:

• Басқарушы компания
• Кәсіби басқарушы
• Пәтер иелерінің кооперативі (ПИК)

Пәтер иелері кооперативтерінің қызметіне жаңа талаптар қойылады:

• Қайта тіркеу тәртібі
• Құқық белгілейтін құжаттарды беру тәртібі
• Жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету

Басқа да маңызды өзгерістер:

• Меншік иелері бірлестігі (МИБ) төрағасының өкілеттік мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейін ұлғайтылады.
• МИБ-ке үйді басқару жөніндегі қызметті өз еркімен жүргізуге құқық беріледі.
• Құрылыс салушы бірінші пәтерді сатқаннан кейін кондоминиумды тіркеуге міндеттеледі.
• Тұрғын үй инспекциясының өкілеттіктері кеңейеді:
• Кәсіби басқарушыларда біліктілік сертификаты болуы керек.
• Кондоминиум объектісі міндетті түрде тіркелуі тиіс.
• Тұрғын үй-жайды пайдалану нормалары сақталуы қажет.
• Тұрғындар жиналысын өткізу тәртібі өзгертіледі, оның ішінде электрондық дауыс беру мүмкіндігі енгізіледі.

Әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі:

• Тұрғындарға есеп бермегені үшін.
• Үйге қажетті құжаттарды ұсынудан бас тартқаны үшін.

Заң жобасының барлық ұсыныстары депутаттардың өңірлерге сапары кезінде атқарушы органдар, сарапшылар және жергілікті қауымдастықтармен кеңінен талқыланды. Алайда, бұл мәселе бойынша қоғамда әлі де ортақ пікір жоқ.

Бұл өзгерістер көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарының құқықтарын қорғауға бағытталған. Басқару нысанын таңдау, басқарушы компанияны анықтау және тарифтерді бекіту – тек тұрғындардың ортақ шешімімен жүзеге асады. Бұл талаптар заң жобасында басқарудың барлық нысандарына қарастырылған, - деді Екатерина Смышляева.

Өзгелердің жаңалығы