Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Көпір салу үшін: Қытай тауды бұзып, тас жарып жатыр

5 Тамыз 2025, 07:15
11513
Бөлісу:
 X/nexta_tv
Фото: X/nexta_tv

Әлеуметтік желіде Қытайдың Гуйчжоу провинциясындағы экспресс жол бөлігінің құрылысын көрсететін қызықты бейнероликтер мен фотосуреттер пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

The Sun басылымының хабарлауынша, провинция аумағының 92 пайыздан астамын таулар алып жатқандықтан, Хуацзян каньоны арқылы тас жол салған инженерлер тау шыңдарын кесіп, көпір салған.

Көпір салу үшін: Қытай тауды бұзып, тас жарып жатыр

2025 жылдың соңында ашылуы жоспарланған негізгі көпірлердің бірі әлемдегі ең биік көпір болады – ол каньон түбінен 625 метр биіктікке көтеріледі.

Бұл инженерлік жетістік бұралаң тау жолдарындағы бір сағаттық жолды бір минуттық аспандағы өткелге дейін қысқартады.

Өзгелердің жаңалығы