Көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері есептеліп, балалар санына байланысты төленеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2022 жылы көпбалалы отбасыларға:
- төрт балаға – 16,03 АЕК;
- бес балаға – 20,04 АЕК;
- алты балаға – 24,05 АЕК;
- жеті балаға – 28,06 АЕК төленеді.
Әр келесі балаға қосымша 4 АЕК-тен төленеді.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.