Көпұлтты еліміз үшін қоғам бірлігі – басты міндет

22 Маусым 2019, 12:31
3796
Бөлісу:
Көпұлтты еліміз үшін қоғам бірлігі – басты міндет

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елбасы салып кеткен салып кеткен сара жолды жалғастыратынына көңілі толатынын білдірген ШҚО Достық үйі-қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары Жанар Алканова жаңа мемлекет басшысымен жарқын болашақ күтіп тұрғанын айтады. 

«Ел басшысы әр азаматының мүддесін қорғау – өзінің басты мақсаты екенін баса айтып, оларды саяси көзқарастары мен ұстанымдарына қарай бөлуге жол бермейтіндігін атап өтті. Қоғамның бірлігін қамтамасыз ету мен әр азаматтың құқығын қорғау – менің міндетім, - деп көрсетті. Осы уақытқа дейін көп ұлтты мемлекетіміз өз ауызбіршілігінің арқасында талай асулардан асып, биік белестерді бағындырды. Мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асыру мақсатында және бүкіл қазақстандық бірліктің бірегей үлгісін қалыптастыруда Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылып, тиімді жұмыс істеуде. Бұл салада айтарлықтай жұмыстар атқарылып, өзіндік бір жүйе қалыптасты», - деді Жанар Алканова. 

Қоғамдық сенімді арттыру мақсатында Ұлттық Кеңес құру туралы сөз етті. Еліміздің көпұлтты мемлекет екенін ескере келсек, бұл кеңеске әртүрлі ұлт өкілдерінің халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізетін беделді тұлғалардың енгізіледі деп ойлаймын. 

«Қазіргі таңда Облыстық Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығының жанынан бірнеше жыл бұрын құрылған Қоғамдық келісім кеңестері тиімді жұмыс атқарып келеді, кеңес мүшелері тұрғындар арасындағы өзекті мәселелерді қозғап, өздерінің тәуелсіз ойларын билікке жеткізеді. Президент сөзінде тағы бір көңіліме қонғаны – жастарға көңіл бөлуі. Жастарға көп сенім артылған, жас ұрпақтың ел дамуында шешуші рөл атқарып, дамудың негізгі қозғаушы күші болатынын атап көрсетті. Қазіргі еліміздің жастары білімге құштар, мақсаттары айқын бозбалалар мен бойжеткендер. Оларға барлық мүмкіндіктер жасалған. Қай саланы таңдаса да, оған ден қойып, еңбек етсе, үлкен жетістіктерге жететіні анық. Оған көп мысал келтіруге болады. Мысалы, Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы жанында «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының облыстық филиалы құрылған. Оның басшысы Равиль Юнусовтың басшылығымен көптеген игі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Осындай жаңа мемлекет басшысымен еліміз көркею мен гүлдену жолында болашаққа сеніммен қарай алады!», - деп қосты Жанар Ахметқалиқызы.  

Өзгелердің жаңалығы