Тәртіп сақшылары 26 жастағы тұрғынды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жігіт тұрған пәтерді тінту кезінде ерекше иісі бар ақ түсті зат салынған 700-ден астам түйіншек табылды және тәркіленді. Сараптама көрсеткендей, зат салмағы шамамен 1 кг 200 гр мефедрон болып шықты.
ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам кінәсін мойындады және УҰИ-на қамалды.