Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Концерттерде фонограмманы қолдануға шектеу қойылмақ

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
6 Қараша 2025, 11:21
354
Бөлісу:
 Мәжіліс
Фото: Мәжіліс

Сенатта “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң талқыланды. Құжат аясында мәдениет саласында өзгеріс болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң мәдениет, білім, отбасы және мемлекеттік бақылау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Сенатор Талғат Жүнісов заң аясында мәдениет саласында қандай ережелер енгізілетінін түсіндірді.

Олар:

- жергілікті атқарушы органдарға кітапхана қорларын сақтау және дамыту құзыретін беру;

- мемлекеттік кітапханаларға кітапхана үй-жайларын ұсына отырып, білім беру және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсету құқығын беру;

- телевизиялық жазбалар мен концерттік ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге бейімделмеген орындарды қоспағанда, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылардың концерттік іс-шараларды өткізуі кезінде дауыстық (вокалдық) фонограммаларды пайдалануын шектеу;

- жеке білім беру ұйымдарына тұлғалардың атын беру және қайта атау рәсімдерін ономастикалық комиссиямен келісу рәсімі енгізілді.

Еске салайық, бұған дейін авторлық құқықтан патентке дейін Қазақстанда бірқатар заңнама өзгеретінін хабарладық. 

Өзгелердің жаңалығы