Конституцияның үштен бірі өзгермек

11 Мамыр 2022, 13:25
1358
Бөлісу:
Конституцияның үштен бірі өзгермек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі жанындағы сарапшылар клубы отырысында айтылды. 

Конституциялық өзгерістер Конституцияның 33 бабына қатысты 56 сөйлемді қамтиды. Яғни көлемі бойынша конституциялық өзгерістер Конституция мәтінінің үштен бір бөлігін құрайды. Бұл елеулі өзгерістер деп санаймыз. Бұл өзгерістер мен толықтырулар 5 маусымда өтетін республикалық референдумға шығарылды, – деді Конституциялық кеңестің мүшесі Рахмет Мұқашев. 

Отырыста заң жобасында қарастырылған түзетулер жаңа, әділетті Қазақстанды құрып, жалпы мемлекеттік, қоғамдық құндылықтарды қайта форматтауға бағытталып, «Екінші республиканың» саяси-құқықтық негізін қалайтыны айтылды. 

Заңда көзделген жаңалықтарды бірнеше топқа бөліп қарастырған жөн. Біріншісі – суперпрезиденттік басқару жүйесінен президенттік басқару жүйесіне көшу. Президенттің бірқатар өкілеттіктерінен бас тартуы, саяси партиядағы мүшелігін тоқтатуы еліміздегі саяси күштердің арасындағы бәсекелестік деңгейінің көтерілуіне мүмкіндік береді, – деді Конституциялық кеңестің аппарат басшысы, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыс тобының мүшесі Бақыт Нұрмұханов. 

Өзгелердің жаңалығы