Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ . Референдум – уақыт талабы. Оған әр азамат үн қосады.
Ата заңға өзгері енгізу халықтың өмір сүру деңгейін арттырады дейді көпшілік. Сондықтан саяси науқанға көп болып, жұмылып түгелдей атсалысу керек.
Референдум өткізу идеясы өте дұрыс әрі келешек үшін маңызды қадам дейді Атырау тұрғындары.
Конституцияға өзгеріс енгізген дұрыс. Мен сайлауға міндетті түрде барамын. Еліміздің мүмкіндігі өте көп соны толығымен пайдалансақ, халықтың жағдайы едәуір жақсарар еді
Меніңше, әрбір адам оған қатысып, өзінің ойын жеке айтуы тиіс.
Әрине, қатысу керек деп есептеймін. Дауыс беріп, сайлауға қатысқан дұрыс. Онда тұрған ештеңе жоқ. Өзгеріс болуы керек.
Референдумды қолдаймыз. Бұл өзгерістер баяғыдан қолға алынуы керек еді. Әлем бір орында тұрмайды. Жаңашылдық өмірімізге жақсы жағынан әсер етеді дегенге сенемін.
Сайлау болып жатса барамыз. Еліміз үшін бару керек. Ол өзгерістер халыққа тиміді ме тиімді емес пе, ол жағынан да қарау қажет.
Заң жақсы жаққа өзгеруі қажет. Егер дұрыс таңдау жасалып жатса қолдаймыз.
Еске салайық, бұған дейін конституцияға қандай өзгеріс енгізілетінін айтқан болатынбыз.