Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Конституцияға 30 жыл: Коллекциялық монеталар сатылымға шығады

25 Тамыз 2025, 16:10
1397
Бөлісу:
 Ұлттық Банк
Фото: Ұлттық Банк

Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Конституциясына 30 жыл коллекциялық монеталары сатыла бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық банк 2025 жылғы 27 тамызда ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан Қазақстан Конституциясына 30 жыл коллекциялық монеталары сатыла бастайтынын хабарлайды. 

Монеталар алтын жалатылған 925 сынамалы күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана, - деп жазылған хабарламада.  

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Бұған дейін Ұлттық банк шынайы ақшаны жалған ақшадан қалай ажыратуға болатынын түсіндірген еді. 

Монетаның бейнесі

Конституцияға 30 жыл: Коллекциялық монеталар сатылымға шығады
Өзгелердің жаңалығы