Конституциядағы өзгерістер демократияға деген жолдың үлкен қадамы

30 Мамыр 2022, 17:06
1759
Бөлісу:
Конституциядағы өзгерістер демократияға деген жолдың үлкен қадамы
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өткен «Референдум 2022 заманауи өзгерістер» атты дөңгелек үстелде жас мамандар конституциядағы түзетулерге қатысты ойларын айтты.

Өзім 1999 жылдың тумасымын. Білуімше, осы уақытқа дейін елімізде мұндай ауқымды референдум өткізілмеген. Жалпы, бұған дейін референдумға жастардың қызғушылығы болмаған.  Мені қуантантыны біз Суперпрезиденттік басқару формасынан парламенті күшті  мемлекетке көшетініміз. Яғни, барлық билік бір адамның қолында  ғана болмайды.  Бұл өзгеріс келешекте маңызды бір шешім шығарарар кезде біз сайлаған азаматтардың шешім қабылдауына да мүмкіндік береді. Меніңше, конституциядағы өзгерістер демократияға деген жолдың үлкен қадамы. Өйткені  бұл реформа уақыт өте келе өз тиімділігін беретініне сенемін, - деді  KAZGUU университетінің студенттер департаментінің қызметкері Бек-Мұхаммед Жаукебаев.  

Конституциядағы өзгерістер демократияға деген жолдың үлкен қадамы

Сондай-ақ жастар мәслихатының депутаты Арсен Исиннің пікірінше, биыл өтетін референдум ел жастарының арасында кеңінен таралған.  

Конституциядағы өзгерістер демократияға деген жолдың үлкен қадамы

Алдағы референдум біздің болашағымызға өзгеріс әкелетініне сенемін. Заңдағы түзетулерде ең ұнаған тұсы еліміздегі жер иесінің халық болып қалуы яғни, біздің табиғи байлықтарымыздың бәрі халыққа тиесілі болып өзгертіледі. Қазір референдум туралы жастардың бәрі хабардар деп ойлаймын. Бұл тарапта өте ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Әрине, кейбір жастар конституциядағы түзетулерге қарсы болуы мүмкін. Әрбір кездесу кезінде мұны ашық айтып, ойымызды талқыға салып тұру қажет, - деді  жастар мәслихатының депутаты Арсен Исин. 

Өзгелердің жаңалығы