Астана, BAQ.KZ. Конституциялық Кеңестің қызметкерлері латын әліпбиінде диктант жазды. Бұл туралы Конституциялық Кеңестің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараның мақсаты латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиін насихаттау, күнделікті жұмыста қолдану үшін жаңа әліпбиді пайдалану арқылы жазудың практикалық дағдыларын меңгеру болмақ.
Қатысушылар үшін «Қазақстан-2050 Стратегиясы» тақырыбында 100 сөзден тұратын мәтін жасалды.
Диктант аяқталғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстарын qazlatyn.kz интернет-ресурсындағы конвертер арқылы дайындалған мәтінмен салыстыра отырып тексерді.
Конституциялық Кеңес осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізуге ниетті.
Биылғы жылы Конституциялық Кеңес Аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің қазақ тілін жазу қағидаларын үйрену бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуі көзделген.