Конституция күні ХҚКО кеңселері қалай жұмыс істейді

27 Тамыз 2024, 21:23
232
Бөлісу:
Конституция күні ХҚКО кеңселері қалай жұмыс істейді
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ

30 тамыздағы ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс кестесі жария етілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конституция күнін мерекелеуге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар, мамандандырылған орталықтар 30 тамыз жұмыс істемейтінін хабарлаймыз, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 31 тамызда кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар қызмет көрсетеді. Жұмыс уақыты 9:00-ден 13:00-ге дейін.

Дүйсенбі, 2 қыркүйектен бастап орталықтар азаматтарды әдеттегі кестеге сәйкес 9:00-ден 18:00-ге аралығында, кезекші ХҚКО-лар 20:00-ге дейін қабылдайды. Ал мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 18:00-ге дейін, сенбі күндері кезекші мамандандырылған орталықтар сағат 9:00-13:00 аралығында жұмыс істейтін болады.

Өзгелердің жаңалығы