Конституция – кез келген мемлекеттің іргетасы – депутат

20 Мамыр 2022, 20:31
1895
Бөлісу:
Конституция – кез келген мемлекеттің іргетасы – депутат
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Елнұр Бейсенбаев пен Мәди Ахметов Алматы қаласындағы еліміздегі жетекші жоғарғы оқу орындардың бірі Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының ұжымымен және  студенттерімен кездесті. 

Онда депутаттар Конституцияға енгізілген түзетулер туралы жан-жақты түсіндірді.

Конституция – кез келген мемлекеттің іргетасы – депутат

Конституция – кез келген мемлекеттің іргетасы. Қазіргі қоғамда өзгерістер үлкен сұранысқа ие. Референдум өтетін күнге дейін аз ғана уақыт қалды. Әрбір азамат ел дамуының жаңа кезеңін қалыптастыруға қатысып, үлесін қосуға мүмкіндік туды, – деді Елнұр Бейсенбаев. 

Конституция – кез келген мемлекеттің іргетасы – депутат

Өз кезегінде партия мүшелері әрбір қазақстандықтың алдында маңызды шешім қабылдау міндеті тұрғанын атап өтті.

Қазір еліміздің барлық өңірлері мен елді мекендерінде мемлекетіміздің басты құжатына түзетулер енгізуге қатысты ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Біз алматылық жастармен кездесуде олардың референдумға деген қызығушылығы жоғары екенін байқадық. Себебі іс-шараларда көптеген өзекті тақырыптар көтеріліп, студенттер сұрақтар қойып, өз пікірлерін ашық білдірді. Ел Президенті ұсынған негізгі реформалар олардың қоғамдық-саяси болашағына деген сенімін нығайтуда, – деді депутат Мәди Ахметов.

Кездесу соңында қатысушылардың көпшілігі конституциялық түзетулер жобасы бойынша ел тұрғындарының жалпыға бірдей дауыс беруі бірлігімізді арттырады деген ортақ пікірге келді. 

Өзгелердің жаңалығы