Конституция күні қарсаңында бір топ атыраулық марапатталды

28 Тамыз 2020, 20:40
1966
Бөлісу:
Конституция күні қарсаңында бір топ атыраулық марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президентінің Жарлығымен аймақтың дамуына елеулі үлес қосып жүрген бір топ  атыраулық  мерекелік медалмен марапатталды, деп хабарлады Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Азаматтарға «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов табыстады.  Жиынға қатысушыларды Ата Заңның  25 жылдығымен құттықтаған аймақ басшысы қазақстандықтар үшін бұл мерекенің  маңыздылығы жоғары екенін атап өтті. 

канц1.jpeg
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын. Ата Заңымыз – тәуелсіздіктің іргетасы. Сондай-ақ, мемлекетіміздің дамуына кепіл болған барша заңдарымыздың қайнар көзі, - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов. 


Өзгелердің жаңалығы