Қазіргідей күрделі кезеңде Конституцияның рөлі арта түсті – Дана Нұржігіт

30 Тамыз 2020, 17:07
1790
Бөлісу:
Қазіргідей күрделі кезеңде Конституцияның рөлі арта түсті – Дана Нұржігіт

Алматы, BAQ.KZ. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дана Нұржігіт үшінші мыңжылдықтың үшінші онжылдығы адамзат тарихындағы түбегейлі өзгерістерден басталып отырғанын айтты.

Сенатор Ата заңға сәйкес мызғымас ұстындардың кепілі болатын тұлға – Президент екенін және Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осынау қиын шақта, тағдырымыз тарих таразысына түскен кезеңде азаматтардың басты құқықтарының сақталуына бар күшін салып отырғанын жеткізді.

Ал заң шығарушы органдар өмірдің өзі белгілеп берген өзгерістерге заңдық негіз болатын сапалы құжаттар әзірлеу жоспарын пысықтап, мемлекетіміздің даму бағытын айқындауға белсене атсалысып жатыр, - деді сенатор.
Ол өз сөзінде үшінші мыңжылдықтың үшінші онжылдығы адамзат тарихындағы түбегейлі өзгерістерден басталып отырғанын және ол өзгерістер өмірдің барлық саласын шарпығанын, тұрмыс, сана, экономика, саясат, бәрі өзгеріп жатқанын айтты.
Болашақ ұрпақ бұл кезеңге баға бергенде пандемия кесірінен немесе пандемияның арқасында деп саралайтын болады. Бірақ осындай тұрақсыздық жағдайында мемлекеттілікті нығайтып, тұрақтылықты, адам өмірін, құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін константа, басты құжат бар. Ол – Конституция. Қазіргідей күрделі кезеңде Конституцияның рөлі одан әрі арта түскенін көріп отырмыз - деді ол.
Сөз соңында сенатор қазақстандықтарды тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты құжаты, Ата заңымыз қабылданған Конституция күнімен құттықтады.
Өзгелердің жаңалығы