Орталық референдум комиссиясының (Орталық сайлау комиссиясының) мүшесі Михаил Бортник Конституцияға қатысты республикалық референдум өткізуге жоспарланып отырған алдын ала шығын көлемін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Референдум өткізуге арналған шығындардың алдын ала есебі 20,8 миллиард теңгені құрады. Айта кету керек, бұл қаражат 2026 жылға арналған республикалық бюджетте қарастырылмаған. Сондықтан қаржы Үкіметтің резервінен бөлінеді, – деді Бортник Орталық референдум комиссиясындағы брифингте.
Комиссия мүшесінің айтуынша, түпкілікті бюджет көлемі кейінірек нақтыланады.
Еске салсақ, 12 миллионнан астам қазақстандық жаңа Конституция бойынша референдумға қатыса алады. Белгілі болғандай, референдум қорытындысы 21 наурызға дейін жарияланады.