Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Германиядағы Әлем кубогін жеңіліспен аяқтады

Бүгiн, 15:47
166
Бөлісу:
 olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазіргі таңда Инцелль (Германия) қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогінің шешуші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ерлер арасында 500 метрлік қашықтықта қазақстандық спортшы Евгений Кошкин өнер көрсетті. Ол 34,34 секунд уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, қорытынды есепте төртінші орынға табан тіреді.

Польшалық Дамиан Журек (34,09) жеңімпаз атанды. АҚШ спортшысы Джордан Штольц 34,26 секунд уақыт көрсеткішімен екінші орын алды. Ал эстониялық Мартен Лийв 34,29 секундта мәреге жетіп, үшінші сатыға тұрақтады.

Айта кетейік, бұл Әлем кубогінің кезеңі 2026 жылғы Олимпиада ойындары алдында соңғы ірі халықаралық жарыс болды.

Өзгелердің жаңалығы