Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы: Кристина Шумекова екі алтын медаль жеңіп алды

30 Қараша 2025, 01:10
672
Бөлісу:
 olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Милан (Италия) қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде екі мәрте топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы olympic.kz жазды.

Спортшы 1000 және 3000 метр қашықтықтарында алтын медаль жеңіп алды.

1000 метр

1. Кристина Шумекова

2. Аяно Секигучи (Жапония)

3. Ханна Мазур (Польша)

3000 метр

1. Кристина Шумекова

2. Лике Хейзинк (Нидерланд)

3. Цзяминь Цзян (Қытай)

Айта кетейік, нео-сеньорлар арасында өткен 1000 метрлік қашықтықтағы жарыста Дарья Важенина қола медаль иеленді.

Өзгелердің жаңалығы