"Көңілге қаяу салады". Трамп Ресеймен келісім жөнінде

Бүгiн, 12:02
745
Бөлісу:
"Көңілге қаяу салады". Трамп Ресеймен келісім жөнінде
Фото: © AP Photo Rick Scuteri

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің атысты тоқтату туралы мәлімдемесін “үміт күттіретін, бірақ толық емес” деп бағалады, деп хабарлайлы BAQ.KZ тілшісі.

АҚШ басшысы егер Путин АҚШ пен Украина тарапынан ұсынылған келісімді қабылдамаса, бұл тосын жағдай болатынын айтады. Бұл туралы Трамп 13 наурызда Вашингтонда НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен өткізген баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Келісімнің көптеген маңызды тұстары талқыланып қойды. Енді Ресей бұл келіссөздерге қатыса ма, жоқ па – соны көреміз. Егер қатыспаса, бұл бүкіл әлем үшін өте көңілсіз жағдай болады, – деді АҚШ президенті.

Ол сондай-ақ Путинмен жеке кездескісі келетінін атап өтті.

Путин: Мәскеу атысты тоқтатуға дайын, бірақ шарттар бар

Бұған дейін Путин Украинадағы атысты тоқтату туралы ұсынысты белгілі бір шарттар негізінде қабылдауға дайын екенін мәлімдеген болатын.

Бұл атысты тоқтату ұзақ мерзімді бейбітшілікке әкелуі және дағдарыстың бастапқы себептерін жоюы керек, – деді ол Мәскеуде Беларусь президенті Александр Лукашенкомен өткен баспасөз мәслихатында.

АҚШ пен Украинаның келісімі

11 наурызда Сауд Арабиясының Джидда қаласында АҚШ пен Украина делегациялары бейбіт келіссөздер өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша Киев АҚШ-тың 30 күнге атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдағанын хабарлады.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ресейдің бұл бастамаға қандай жауап қайтаратынын күтіп отырғанын айтты. Оның сөзінше, Мәскеу келісімді қабылдаған жағдайда ғана атысты тоқтату режимі күшіне енеді. Осыдан кейін бейбіт келіссөздер басталуға тиіс.

Өзгелердің жаңалығы