Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша кеңес өтті

25 Сәуір 2023, 12:01
865
Бөлісу:
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша кеңес өтті
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша елдің эндемиялық аумақтарында іс-шаралар туралы вебинар-кеңес өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Санэпид бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

ДСМ ҚДСҰО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының филиалы республика тұрғындары арасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу бойынша 2023 жылғы 6 сәуірде «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша Қазақстан Республикасының эндемиялық аумақтарында іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында вебинар-кеңес өткізді.

Вебинар-кеңес жұмысына комитеттің, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының, Шымкент қаласының, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің, басқармаларының, ветеринария қызметінің және Ұлттық сараптама орталығы филиалдарының мамандары қатысты, - делінген хабарламада.

Вебинар-кеңесте әлемдегі және республикадағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпизоотиялық және эпидемиялық жағдайы, сондай-ақ осы ауру бойынша Қазақстан Республикасының эндемиялық аумақтарында іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды.

Іс-шараға барлығы 46 адам қатысты.

Өзгелердің жаңалығы