Көне кешеннің фотокөрмесі өтті

29 Қыркүйек 2022, 18:34
2244
Бөлісу:
Көне кешеннің фотокөрмесі өтті
PHOTO
Фото: автордан

Ұлттық музейде Астанадағы Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы мен Түркияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырған фотокөрме өтті деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Көрмеге Гөбеклітепеде табылған жәдігерлердің 30 фотосы қойылды. 

Гөбеклітепе ғибадатханасы – Түркияның Шанлыурфа орналасқан әлемнің ең көне культтік ескерткіші. Бұл ескерткіш Мальтадағы ғибадатханадан шамамен 6500 жыл, Стоунхенджен 7000 жыл, ал Мысыр пирамидаларынан 7500 жас үлкен. 

Көне кешеннің фотокөрмесі өтті

Табылған ерекше мұралар неолит дәуіріне тиесілі. Қазба жұмыстары бүгінге дейін жалғасып келеді. Гөбеклітепе 2018 жылы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне енді. Сондай-ақ 2019 жыл Түркияда Гөбеклітепе жылы болып тойланды, - деді өз сөзінде Түркияның Қазақстандағы елшісінің бірінші орынбасары Жібек Әлмұса. 

Көне кешеннің фотокөрмесі өтті

Ал Ұлттық музей директорының орынбасары Абай Сатыбалдин көне ғибадатхананың әлем тарихына әкелген жаңашылдығын атады. 

Көне кешеннің фотокөрмесі өтті

Бүгінге дейін отырықшы өмірге көшу тек егіншілік пен мал шаруашылығынан кейін пайда болды деп есептелген. Гөбеклітепе кешені бұл тезисті жоққа шығарды. Қазба жұмыстары барысында аңшылықпен күнелткен адамдардың Гөбеклітепе сияқты діни орталықтарда бас қосып, отырықшылық тұрмысқа көше бастағаны анықталды, - деді ол.

Көне кешеннің фотокөрмесі өтті

Фотокөрме ашылуында Юнус Эмре институты директорының міндетін атқарушы Алмагүл Исина болса, ескерткіштердің көлемі мен кешен аумағы туралы ақпарат берді.

Көне кешеннің фотокөрмесі өтті

Жабайы жануарлар және өсімдіктер бедерленген кешеннен салмағы 2 және 40 тонна болатын үлкен-үлкен тастар табылған. Ал олардың биіктігі 2 және 6 метр. Аумағы жағынан да Гөбеклітепе кешені өте үлкен, 12 футбол алаңымен тең, - деді ол. 

Көне кешеннің фотокөрмесі өтті

Сондай-ақ ол Гөбеклітепенің толық ашылып, нақты бағасын алуы үшін кейбір археологтар 60, кейбірі 150 жыл керек екенін айтатынымен бөлісті. 

Айта кетейік, екі бауырлас ел Түркия мен Қазақстанның дипломатиялық байланыс орнатқанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Тарихтың бастапқы нүктесі: Гөбеклітепе» атты фотокөрмесі апта бойы музей келушілері үшін ашық болады. 

Өзгелердің жаңалығы