Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Коммуналдық қызметкерлер Димаштың әніне биледі

17 Маусым 2025, 11:16
559
Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Астанада коммуналдық сала мамандары ерекше флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада коммуналдық сала мамандары ерекше флешмоб ұйымдастырып, әлеуметтік желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді. Димаш Құдайбергеннің әніне билеп, көрермендерге де жақсы көңіл күй сыйлады.

Желіде тараған бейнежазбада "Байқоңыр" ауданының коммуналдық қызметкерлері Димаш Құдайбергеннің әніне билеп жатқан сәті көрсетіледі. Видео Астананың "Байқоңыр" ауданында түсірілген.

Аудан әкімі Талғат Рахманберді ерекше көңіл күй сыйлаған бұл сәтті өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

Жұмысшы мамандықтар жылы: Елордалық "Байқоңыр" ауданында коммуналдық сала қызметкерлері Димаш Құдайбергеннің әніне бірге биледі, - деп жазды әкім.

Видеодан қызметкерлердің күнделікті ауыр еңбекке қарамастан, көтеріңкі көңіл күй мен шығармашылыққа да уақыт тапқандарын байқауға болады. 

Еске салайық, осыған дейін Алматы облысының әкімі дарынды оқушылармен бірге Димаштың әніне тренд түсірген. Сонымен қатар Димаш Си Цзиньпинмен кездескенін жаздық. 

Өзгелердің жаңалығы