Комитет мас күйінде көлік жүргізудің салдары ауыр екенін ескертті

31 Желтоқсан 2020, 16:36
2528
Бөлісу:
Комитет мас күйінде көлік жүргізудің салдары ауыр екенін ескертті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылы ел бойынша алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде болған қатысушылардың кінәсінен орын алған 2792 мың жол көлік оқиғасы тіркеліп, 108 адам қаза болды, деп жазды Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі. 

Мереке күндері қарсаңында мас күйінде көлік жүргізу заңсыз әрекет болып табылатынын естеріңізге саламыз. Бұл адамдардың өліміне немесе жарақаттануына әкелуі мүмкін, ал алкоголь ішімдіктерін ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу түрлі жағымсыз оқиғаларға, тіпті қылмыс жасауға да алып келеді, - делінген хабарламада.

Егер алкогольдік масаң күйде жасаса және жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірсе, онда ол көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, әкімшілік жауаптылыққа тартылатынын назарыңызға саламыз.

Кейін, бұл қайталанған жағдайда, қылмыстық жауапкершілік туындайды.

2020 жылы Қылмыстық кодекске мас күйінде жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін (ҚК-нің 345-1-бабы) әрекеттің ауырлығына байланысты 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру және өмір бойына арнайы құқықтан айыру қарастырылған түзетулер күшіне енді, - деп хабарлады комитет.

Осы жылы ел бойынша алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде болған қатысушылардың кінәсінен орын алған 2 792 мың жол көлік оқиғасы тіркеліп,108 адам қаза болды.

Адамдардың қаза болуына және жарақаттануына әкеп соққан мас күйінде ережені  бұзғаны үшін 225 адам сотталды, оның ішінде 177-сі бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.

Өзгелердің жаңалығы