Тас көмір елеулі әрі маңызды тауарлар тізіміне енгізілуі мүмкін. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Сауда және интеграция министрлігінің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды BAQ.KZ Elorda.info сәлтеме жасап.
Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы» Ұлттық экономика министрінің бұйрығы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: тас көмір, брикеттер, тас көмірден алынған түйіршіктер және қатты отынның ұқсас түрлері, лигнит немесе гагаттан басқа агломерленген немесе агломерленбеген қоңыр көмір, - делінген өзгеріс енгізілгелі отырған бұйрық жобасында.
Құжат «Ашық» НҚА порталында жарияланды. Оны талқылау 12 желтоқсанға дейін жалғасады.