Көмір бағасы бірден өспейді – вице-министр 

Оның айтуынша, көмір бағасы біртіндеп қымбаттауы мүмкін, алайда бұл процесс бірден жүзеге аспайды.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 11:32
Бүгiн 2026, 11:32
139
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкіметтегі брифингте көмір бағасының өсу ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Осы қыста ешқандай қымбаттау күтілмейді. Себебі көмірді тұтыну бағасы биыл емес, біртіндеп өседі, – дейді ол.

Сонымен қатар вице-министр болашақта бағаның өсуін жоққа шығаруға болмайтынын айтады. 

Бүгін көмір өндіруші кәсіпорындар тарапынан өндірісті жаңғырту және көлемін ұлғайту бойынша ауқымды ақпарат ұсынылды. Шығындар, инвестициялар болады, бұл көмір бағасының инфляциялық өсуіне алып келеді деп ойлаймын. Бірақ ол реттелетін әрі біртіндеп болады, – дейді Сұңғат Есімханов.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 8 жаңа көмір станциясы салынатыны хабарланды. 

Наверх