Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Команда болып жеңуді қаладық": Теннисшілер Ислам ойындарындағы жеңістері туралы

11 Қараша 2025, 16:55
320
Бөлісу:
 ҰОК/Тұрар Қазанғапов
Фото: ҰОК/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық теннисшілер Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалында алтын жүлде жеңіп алды. Ерлер құрамасы шешуші матчта Иран командасын айқын басымдықпен ұтып, жеңіске жетті. Құрама сапында Кирилл Герасименко, Алан Курманғалиев және Айдос Кенжегұлов өнер көрсетті. Ойын 8:1 есебімен Қазақстан пайдасына аяқталды. Алан Курманғалиев турнир қорытындысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Эмоция керемет. Үлкен жеңілдік сезіліп тұр, себебі біз турнирді дәл осы командамен жеңуді қаладық. Қатты қуаныштымын. Денсаулығым жақсы, тек аздап шаршау бар. Бүгін таңертең жұптықта да, жеке де екі матч ойнадым, дәл қазір де солай. Бірақ бәрі жақсы, – деді ол.

Жеңісті шешкен соңғы ұпайды өзі алғанына қарамастан, Курманғалиев бұл жетістік – командалық еңбектің нәтижесі екенін атап өтті.

Кирилл Герасименко да команданың бірлігі мен жанкүйерлердің қолдауына алғысын жеткізді.

Бізге сенген жанкүйерлерге үлкен рахмет айтқым келеді. Өте қуаныштымыз. Бұған дейінгі сұхбатымда алдын ала ештеңе айтқым келмеді, бірақ іштей алтын алуға мүмкіндік бар екенін білдім. Ойнау қиын болды: еден жұмсақ, дайындалған жағдайдан өзгеше. Бірақ жігіттер соңына дейін шыдады, күресті. Психологиялық тұрғыдан да мықты болды. Жігіттерге мың алғыс!, – деді Кирилл Герасименко.

Еске салайық, 7 қараша күні Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу рәсімі өтті. Қазақстан құрамасын 100-ден астам спортшы таныстырып жатыр. Сауд Арабиясы бұл ойындарды алтыншы рет қабылдауда. Бұған дейін бұл ірі халықаралық турнир Меккеде (2005), Палембангте (2013), Бакуде (2017), Коньяда (2021) өткен.

Өзгелердің жаңалығы