Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырады

Министр оқиғаны терең бақылауда ұстап, қосымша мәліметтерді жариялайтынын айтты.

 Скриншот Бүгiн 2026, 00:30
Бүгiн 2026, 00:30
169
Фото: Скриншот

Колумбия әскери-әуе күштерінің Hercules C-130 ұшағы елдің оңтүстігінде апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 100-ден астам әскери қызметкер болған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Қорғаныс министрі Педро Санчес оқиғаны растағанымен, борттағы әскери қызметкерлер саны мен зардап шеккендердің санын нақтыламады. Ол апат орнында қызметкерлер жұмыс істеп жатқанын, бірақ дәл себептері мен зардаптарын анықтау қиын екенін жеткізді.

 Ел президенті Густаво Петроның айтуынша, соңғы деректер бойынша, кем дегенде 77 әскери қызметкер құтқарылды, бір адам қаза тапты. 

Билік 43 адамның тағдыры туралы ақпаратты растауды күтуде.

Қорғаныс министрлігі оқиғаны терең бақылауда ұстап, қосымша мәліметтерді жариялайтынын айтты.

Наверх