Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Көлсайда туристер мінген көлік аударылып, бір адам қаза тапты

3 Желтоқсан 2025, 20:01
534
Бөлісу:
 жасанды интеллект/ BAQ.KZ
Фото: жасанды интеллект/ BAQ.KZ

Алматы облысында жол апатынан бір адам жан тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Кеген ауданындағы Қайыңды–Саты автожолының 4-шақырымында болған. Toyota Sequoia автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне шығып, аударылып кеткен.

Желідегі мәліметке сәйкес, көліктің ішінде шетелдік туристер отырған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы бес жолаушы түрлі жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады департаменттен.

Полиция жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық істі тіркеп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Көлік жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы