Көлсай маңындағы зиратты қиратқан жігіт қамауға алынды

28 Наурыз 2025, 12:13
1252
Бөлісу:
Көлсай маңындағы зиратты қиратқан жігіт қамауға алынды
VIDEO
Фото: видеодан кадр

Алматы облысында вандалдар зиратты қиратты. Оқиға Көлсай көліне жақын орналасқан Саты ауылында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Осы ауылдың бір жас жігіті зиратты қорлады. Ол мұны "дінімізге қайшы" деп түсіндірген. Құлпытастарды сындырған, олар жан-жаққа шашылып жатыр. Ауыл тұрғындары ата-бабаларының бейіттері осылай қиратылғанын көріп, ашуға булығуда, – деп жазды журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол сондай-ақ зираттағы сынған тастардың бейнеленген видеосын жариялады. Кадрларда жергілікті тұрғындардың бірі қиратылған ескерткіш тақталарды көрсетеді.

Алматы облысының полиция департаменті вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Күдікті ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу шаралары жүргізілуде. Әлеуметтік желілерде күдіктінің "салафизм" діни ағымының өкілі екені туралы тараған ақпарат алдын ала тексеру барысында расталмады. Тергеу аяқталғанға дейін жалған мәлімет таратпауға шақырамыз, – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.

Өзгелердің жаңалығы