Әлеуметтік желіде Орал колониясында қамаудағы адамдарды ұрып-соғу туралы жалған ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҚО бойынша ҚАЖД №28 (қауіпсіздігі барынша жоғары) мекемесінде 3 тамыз пайдалануға тыйым салынған заттарды іздеу, алып қою мақсатында тінту іс-шаралары өткізілді.
Тінту аяқталғаннан кейін сотталғандар тәркіленген тыйым салынған заттарды қайтаруды талап етті.
Мәселен, камералардың біріндегі қамаудағы адамдар мекеме қызметкерлері мен ҰҰ әскери қызметшісіне шабуыл жасады. Оқиға орнына қосымша күш жіберілді.
Бағынбаған сотталғандарға дене күші мен арнайы құралдар қолданылды. Заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін олардың бір бөлігі тәртіптік изоляторға орналастырылды.
ҚК 428-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, облыстық ҚАЖ департаменті қызметтік тергеу тағайындады. Сонымен қатар сотталғандардың туыстары қатаң режимдегі колонияда ұсталатын екі қамаудағы адамды 3 тамызда бақылаушылар бөлмесінің сыртына апарып, ұрып-соққанын айтты, - делінген хабарламада.
Polisia.kz-тің мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.