Колония дәрігері 15 мың орнына 214 мың теңге жалақы алған

28 Наурыз 2025, 13:58
4319
Бөлісу:
Колония дәрігері 15 мың орнына 214 мың теңге жалақы алған
Фото: pixabay.com

ШҚО прокуратурасы облыстағы бір колониясында дәрігерлерге негізсіз төлемдер жасалғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шемонайха ауданы прокуратурасының тексеруі барысында ШҚО ҚАЖД №18 мекемесіндегі сотталғандарға медициналық қызмет көрсетудің негізсіз көбейтілгені анықталды.

2023 жылғы желтоқсан айында хирург мекемеге жоспарлы сапары кезінде 15 сотталғанды тексерген, алайда есептік құжаттарда қабылдауда 160 адамның болғаны көрсетілген. Осы деректер негізінде дәрігерге 214 мың теңге мөлшерінде жалақы есептелген. Алайда бекітілген нормативтерге сәйкес, 15 науқасты қабылдағаны үшін төленетін сома 15 252 теңгені құрауы тиіс еді, - делінген Павлодар облысы прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Дәл осындай жағдай дерматовенеролог, нарколог, невропатолог және психиатр дәрігерлерінің қабылдауларында да орын алған.

Нәтижесінде, жалпы артық төленген сома 1,4 млн теңгені құрады.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заңсыз төленген қаржы бюджетке қайтарылды, ал кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы