Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Колледж үстіне құлаған ұшақ: әуе апатының себебі жарияланды

22 Шілде 2025, 00:32
1209
Бөлісу:
 REUTERS
Фото: REUTERS

Бангладеш Қарулы Күштері 21 шілдеде Даккада оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшыраған әскери ұшақтың механикалық ақаулар салдарынан құлағанын мәлімдеді. Бұл туралы Бангладеш Қарулы Күштерінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

FT-7BGI үлгісіндегі жаттығу ұшағы Курмитола қаласындағы Хандкар әуе базасынан әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай техникалық ақауға ұшыраған. Ресми мәліметке сәйкес, ұшқыш ұшақты халық тығыз орналасқан аймақтан аулаққа бағыттап, апат салдарын жеңілдетуге тырысқан.

Апаттың нақты себептерін анықтау үшін арнайы тергеу комиссиясы құрылды. Қорытынды мәліметтер тергеу аяқталған соң жарияланбақ.

Оқиға Майлстоун колледжінің маңында орын алған. Ұшақ жерге құлағаннан кейін өртеніп кеткен.

Бұған дейін апат салдарынан кемінде 19 адам қаза тауып, 100-ден астамы жарақат алғанын жазғанбыз.

Өзгелердің жаңалығы