Көлікті қыздыруға бес минут жетеді — Экология министрі

Бүгiн, 14:35
368
Бөлісу:
Көлікті қыздыруға бес минут жетеді — Экология министрі
Фото: автордан

Ерлан Нысанбаев көлікті бес минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салу ережесі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Солтүстік өңірлерге қатысты айтар болсақ, көлікті көптен бері жүргізіп келе жатқан әрбір адам бес минуттың жеткілікті екенін растай алады. Бұл кез келген солтүстік өңірге қолдануға болатын уақыт. Сондықтан, жанармай үнемдеу мәселесіне келсек, көп адам осы тұрғыда барынша тәртіпті бола бастады. Ал экология тұрғысынан алсақ, біз мұндай әдісті толығымен қолдаймыз, - деді Нысанбаев Үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында.

Министр бүгін көлігін далаға қойып, тексеріп көретінін айтты.

Бүгін көлігімді түнде далаға қойып, таңертең қараймын. Нәтижесін сіздерге міндетті түрде хабарлаймын, - деп түйіндеді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Экология министрі мұндай ережені қолдайтынын жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы