Көлік жүргізушілерінің дайындығы сын көтермейді – ІІМ

14 Қараша 2024, 11:56
220
Бөлісу:
Көлік жүргізушілерінің дайындығы сын көтермейді – ІІМ
Фото: BAQ.KZ - архив

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев еліміздені жүргізушілердің дайындығы нашар екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Талдау көрсеткендей, жол апаттарының негізгі себебі әлі де көлік тәртібінің төмендігі болып отыр. Мен келтірген сандар да осыны дәлелдейді, мысалы, 10,4 млн жол ережесін бұзудың жолын кесу немесе 20,3 мың «мас» жүргізушіні ұстау дегендей. Бұл жерде халықтың басым бөлігі заңға бағынатындар, бірақ “мас күйінде” көлік жүргізуге және жол ережелерін тұрақты түрде бұзуға жол беретін жүргізушілердің белгілі бір санаты полицияның бақылауында болады, - деді Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ-да өткен брифингте.

ІІМ өкілінің сөзінше, бұл жағдайға автомектептерге қойылатын талаптардың төмендендігі мен жүргізушілерді даярлау сапасы ықпал етті.

Жүргізушілерді даярлау сапасын арттыру мақсатында уәкілетті және мүдделі мемлекеттік органдармен шаралар қабылданды. Жүргізушілердің өз бетінше дайындалуын және онлайн оқуын алып тастадық. Автомектептерді (747 оқу орталығы) және үміткерлерді тіркеу Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесінде жүргізіледі, бұл үміткерлерге курсты аяқтау туралы куәліктерді мерзімінен бұрын беру және оларды қолдан жасау мүмкіндігін болдырмайды. Оқу курсын аяқтағаны туралы куәлікті электронды нұсқағатолық көшіру бойынша жұмыс атқарылуда, ол өз кезегінде жалған немесе оларды формальды түрде алуды болдырмайды, - деді ол.

Сол сияқты жалған медициналық қорытындыларды болдырмау үшін Денсаулық сақтау министрлігі анықтамаларды электрондық форматқа ауыстырды.

Жүргізушілерді даярлау сапасын арттырудың тиімді шараларының бірі автомектеп ашу қызметін рұқсат беру тәртібіне қайтару. Автомектептер бұл ұсынысты қолдады, өйткені ол қызметтен күтілгендей өзін-өзі реттеу болған жоқ, бірақ барлық бағыттары бойынша сапасының төмендеуін байқадық, - дейді Сұлтанбаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев биыл жол апатынан 2 мың адам қаза тапқанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы