Көлік вице-министрі Беларустің Қазақстандағы елшісімен кездесті

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Беларусь Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен кездесті.

 gov.kz 7 Мамыр 2024 2024, 10:06
7 Мамыр 2024 2024, 10:06
688
Фото: gov.kz

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Беларусь Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен кездесті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың, атап айтқанда азаматтық авиация, халықаралық және ішкі жүк тасымалы желісін дамыту мәселелерін талқылады.

Қол жеткізілген уағдаластықтар осы айда орын алатын үкіметаралық комиссия аясында одан әрі жүзеге асырылмақ.

Наверх