Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында кәсіпкерлермен кездесуде қандай мәселелер көтерілгенін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Ашық микрофон» форматында қаланың кәсіпкерлерімен кездесу өткіздік. Елордада жарты миллион адам жұмыс істейтін 230 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі бар. ШОБ-қа жүйелі қолдау көрсетіліп келеді: АЭА және индустриялық парк аумағындағы преференциялар, түрлі бағдарламалар бойынша гранттар мен кредиттер, қажетті инфрақұрылым құру және т.б мәселерді көтердік,- деп жазады Жеңіс Қасымбек.
Кездесуде кәсіпкерлер әлеуметтік нысандар салу, көлік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ақылы тұрақ орындары, ШОБ үшін жеңілдіктер және т.б. мәселелерді қаралды.
Қала басшысы солардың кейбіріне қысқаша тоқталып өтті.
– Тұрақ алаңдарының орындарын қайта қарастырамыз. Әлеуметтік нысандардағы тұрақтар тегін болады;
– Келер жылдан бастап мектеп тамағына бөлінетін соманы көбейту;
– 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайын салу. Олардың 5-еуінің құрылысы келесі жылы басталады;
– 2027 жылға дейін 65 мектеп салынады;
– Келер жылдан бастап мемлекеттік балабақшалардың құрылысын қайта бастау. Мемлекеттік балабақшалар соңғы 6 жылда мүлдем салынбаған.
– Жүйелі негізде инженерлік, көлік және өзге де инфрақұрылымдарды салумен айналасу сынды мәселелерді көтерген.
Кездесу барысында көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды, – деп жазады Жеңіс Қасымбек.