Көлік құралдарына арналған электрондық құжат айналымына көшу өзекті мәселе – Көлік министрлігі

17 Сәуір 2024, 21:23
482
Бөлісу:
Көлік құралдарына арналған электрондық құжат айналымына көшу  өзекті мәселе – Көлік министрлігі
Фото: Көлік министрлігі

Көлік министрлігімен көлік саласын цифрландыру саласында бірқатар жоба енгізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның көлік саясаты елдің тиімді транзиттік орналасуы мен республика аумағының ежелгі сауда жолдарындағы тарихи рөліне сүйенеді.

Мемлекеттің көлік стратегиясы географиялық артықшылықтарды пайдалануға және Қазақстанды Еуразия құрлығындағы тораптық транзиттік хабқа айналдыруға бағытталған.

Стратегияны іске асыру көлік қызметтері мен процестерін оларды жеделдету және оңтайландыру жағына қарай жетілдіруді талап етеді. Бұл мақсатқа жетудің негізгі құралы – цифрландыру.

Қазіргі таңда Көлік министрлігі 5 жылдық кезеңге арналған цифрлық трансформацияның егжей-тегжейлі картасын әзірлеп жатыр және IT саласындағы қолданыстағы әрі жаңа технологияларды ескере отырып, көлік саласының функциялары мен бизнес-процестерінің реинжинирингін жүргізуде.

Қазақстан Республикасының 2030 жылғадейінгі көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасын іске асыруда бақылау-қадағалау органдарын қоса алғанда, тасымалдау процестеріне қатысушылар арасында өзара ақпарат алмасу және тасымалдау құжаттарын ресімдеу үшін цифрлық шешімдерді енгізуге басты назар аударылды.

Биыл министрлік Өзбекстан Республикасымен автомобиль жүк тасымалдарында электрондық шетелдік рұқсат бланкілерін айырбастауға және беруге көшу міндетін орындады. Болашақта бұл тәжірибені одан әрі кеңейту жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Қытай мен Түркиямен ауызша келісім жасалған.

Мультимодальды жүк тасымалдарын ұйымдастыру бөлігінде бірыңғай цифрлық платформаны енгізу арқылы «жіксіз» транзитті қамтамасыз ету міндеті қойылды. Қазір халықаралық тәжірибе егжей-тегжейлі зерттелуде, БАӘ және Сингапурмен тығыз ынтымақтастық басталды.

2023 жылдың қысында Қазақстанның екі теміржол бағытында «ҚТЖ» ҰК» АҚ сингапурлық PSA-мен бірлесіп әзірлеген Tez Customs жүк мультимодальды платформасы сынақтан өткізілді. Пилоттық жоба үшінші елдерге транзит арқылы транзиттік декларацияны автоматты түрде тіркеу және автоматты түрде шығару мүмкіндігін көрсетті. Әзербайжан, Грузия және көптеген қытайлық логистикалық платформа жобаға қосылды.

Сондай-ақ Көлік министрлігі қолданыстағы ақпараттық жүйелер, аппараттық-бағдарламалық кешендер және енгізуге жоспарланған Цифрлық жобалар өзара байланысты болатын Ұлттық зияткерлік көлік жүйесін құру жөніндегі жұмысты жалғастырып келеді.

Үлкен деректерді өңдеу, Ұлттық зияткерлік көлік жүйесінде аналитика және мониторинг жүргізу, оның ішінде жасанды интеллектті қолдана отырып, сапалы басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді, жол қауіпсіздігін арттырады және автоматтандырылған көлік бақылауға көшуге жақындатады.

Бүгінгі таңда мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Ұлттық зияткерлік көлік жүйесін құруға арналған егжей-тегжейлі техникалық құжаттама әзірленуде. 2024 жылы қажетті құжаттарды бекітіп, жобаны нақты іске асыруды бастау жоспарлануда.

Бастапқы кезеңде Ұлттық зияткерлік көлік жүйесін автомобиль жүк тасымалын, ал болашақта барлық басқа көлік түрін қамтиды деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге «көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін» (автокөлік), «e-Freight жүйесін» (жүк әуетасымалдары), «кемелер қозғалысын басқару жүйесін» біріктіру жолымен бірыңғай жүйе құру көзделген.

Өзгелердің жаңалығы