Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Көлік полицейлері жоғалып кеткен 13 жастағы турист қызды іздеп тапты

3 Қыркүйек 2024, 21:12
640
Бөлісу:

Алматы әуежайының желілік полиция бөлімі қызметкерлері қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабарламаны ала салысымен дереу шаралар қабылдап, жасөспірімді іздеуге кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
 

Айта кетейік, шетелдік жасөспірім Қазақстанға анасымен бірге келген.

Алайда ол жанжал салдарынан құжаттарын алып, белгісіз бағытқа кетіп қалған. Көлік полицейлерінің қырағылығы мен жедел әрекеттерінің арқасында кешкі сағат 20:00 шамасында әуежайды патрульдеу кезінде 13 жастағы ҚХР азаматы Мия Ю Тинь аман-есен табылып, анасына тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы