Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Қазавтоөнеркәсіп" автомобиль саласы кәсіпорындары одағының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарян Алматыда өткен брифинг барысында айтты.
ЕЭО елдерінен әкелінген көліктер туралы қазір көп талқыланып жатыр. Басты мәселе көптеген көліктің техникалық ережені және елге кіргізу ережелерін бұзғаны болып отыр. Дегенмен, бұл көліктер отандық көлік өндірісіне кері әсер етеді деп айту ерте. Алайда, ҚР ІІМ-гі қабылдап жатқан шаралар ішкі нарықты және жол бойындағы көлік қауіпсіздігін сақтауға бағытталған, - деді ол.
Оның айтуынша, Армения, Ресей және Қырғызстаннан көбінесе ұсталған көліктер әкелінуде. Ал жалпы нарықтағы сұраныс бойынша халықтың көпшілігі жаңа көліктерді алуға ниетті.
ЕЭО елдеріне әкелінген көліктер санын нақты анықтау қиын, алайда ІІМ-гі 170-180 мыңдай көлік әкелінген деген дерек айтты. Көрші елдерден әкелінген көліктер елімізде тіркелмегендіктен олардың санын нақты айту қиын. Жақында Армения мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы 2018 жылы ел аймағына 64 мың көлік әкелінгенін, ал 2019 жылы 189 мың көлік жеткізілгенін айтты. Бұл көліктердің басым көпшілігі Ресей Федерациясының оңтүстік өңірлеріне бағытталған, тағы бір бөлігі бізге жеткізілді, - деді ол.
Бұған дейін 2019 жылы елімізде 50,4 мың автокөлік өндірілгенін, сондай-ақ Қазақстанда жаңа көліктерге деген сұраныс артқанын хабарлағанбыз.