Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Көлік нөміріне қар қатып қалса қанша айыппұл салынады

25 Қаңтар 2025, 15:10
1272
Бөлісу:

Қыстыгүні көлік нөміріне қар қатып қалса да айыппұл салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қыста кейбір көлік жүргізушілері көліктерінің нөмірлерін тазалауға салғырт қарайды. Мұндай көлік жүргізушілеріне ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігі ("Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу") бойынша айыппұл салынады.

Оқылмайтын немесе сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлері (белгілері) орнатылған көлікті жүргізу бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, – деп жазылған бапта.

2025 жылға бекітілген 1 АЕК – 3 932 теңгеге тең. Осылайша, көлік нөмірін қардан тазаламаған жүргізушілер 19 660 теңге айыппұл төлеуге тура келеді.

Өзгелердің жаңалығы