Көлік министрлігінде навигация мәселелері талқыланды

29 Мамыр 2024, 08:50
240
Бөлісу:
Көлік министрлігінде навигация мәселелері талқыланды
Фото: Көлік министрлігі

Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті су көлігін бақылау және қадағалаумен айналысатын өңірлердегі бөлімшелер қызметкерлерінің қатысуымен алқалы шара ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік министрлігінің мәліметіне сәйкес, жиында навигация мәселелері көтеріліп, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 6 сәуірдегі № 71-VIII Заңымен қабылданған жаңа нормалар талқыланды.

Атап айтқанда, кемелерге, шағын көлемді кемелерге, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты жедел ден қою шараларын қолдану тәртібі мен кемеге атау беріп, өзгерту тәртібі айқындалды.

Жиынға қатысушылар кемелер мен шағын көлемді кемелерді тексерудің тәжірибелік дағдыларын пысықтады.

Айта кетерлігі, мұндай аумақтық органдардағы қызметкерлердің қатысуымен республикалық деңгейдегі отырыс 24-ші рет ұйымдастырылып отыр.

Өзгелердің жаңалығы