Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында қайтарылмайтын авиабилеттерді алып тастаған жағдайда билет бағасының қымбаттау қаупі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Вице-министрдің мәлімдеуінше, мұндай тәжірибе халықаралық салада да бар.
Егер барлық билет толық қайтарылатын болады деп есептесек, онда бұл авиабилеттердің қымбаттауына әкелуі мүмкін. Өйткені түрлі себептермен рейске келмей қалатын жолаушылар болады. Сол кезде орын бос қалады, ұшақ жолаушысыз ұшады, ал толық өтемақы төленетін жағдайда бұл шығындар басқа жолаушыларға теңдей бөлінеді, – деп түсіндірді ведомство өкілі.
Ластаевтың айтуынша, бұл норманы депутаттармен талқылап, ойланып шешім қабылдау қажет: қай жағдайда билет құнын қайтару міндетті және қай кезде ол негізсіз екенін анықтап алу керек.
Оқи отырыңыз: